13 ақпан күні Astana Garden International School-да Астана қаласының Әдістемелік орталығының қолдауымен «Мұғалім және ЖИ: тиімді серіктестік тәжірибелері» атты Республикалық педагогикалық семинар-практикум өтті.
Astana Garden International School педагогтері форумның сарапшылық қауымдастығының негізін құрап, іс-шараның жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етті. Бағдарламаға сондай-ақ QTS, ISS, TSS, Flagman Online өкілдері және Теміртау, Ақсу, Абай, Есіл, Алматы қалаларынан келген мамандар қатысты.
Форум бағдарламасы:
- AI және IT саласындағы жетекші сарапшылардың EDTALK форматындағы баяндамалары
- Практикалық шеберлік сабақтары
- Оқушылардың қатысуымен ашық сабақтар
- 18 бағыт бойынша педагогтердің постер-сессиялары
Форум тәжірибе алмасу және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу алаңына айналды. Осындай деңгейдегі іс-шаралардың мектебіміз қабырғасында өтуі — біз үшін үлкен мақтаныш.